Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Hit beat music» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы құрықталды

«Hit beat music» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы құрықталды
Фото: pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Hit beat music» деп аталатын қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті жарнамалық шоу-презентация өткізу кезінде ұсталды.

«Hit beat music» (HBM Group) инвестиция саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырған. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды. Сонымен қатар, «Hit beat music» (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ. Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі. Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Hit beat music» ұйымдастырушысы 2 айға қамалды.

ҚМА мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының 4 тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты