Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда шенеунік мемлекеттік бағдарламамен берілетін үш пәтерді сатқаны үшін сотталды

Павлодар қаласы қаржы бөлімінің бұрынғы бас маманы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді заңсыз жекешелендіріп, сатқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу анықтағандай, әйел екі сыбайласымен бірге жалпы құны 18 миллион теңгеге үш пәтерді сатқан, деп хабарлайды Павлодар қалалық № 2 сотының үкіміне сілтеме жасаған kazlenta.kz. 

Іс материалдарына сәйкес, қаржы бөлімінің бас маманы қылмыстық жоспар құрып, тағы екі адамды өзіне қаратқан. Екеуі бірігіп жалған құжат жасап, тұрғын үйді жекешелендіріп, кейін сатып жіберген. Осылайша мемлекет Павлодарда жалпы құны мамандардың бағалауынша, 18 миллион теңгеден асатын үш пәтерден айырылған. Қылмыстық әрекет 2021 жылдың қаңтарынан мамырына дейін жасалған. Сотталушы сотта өз кінәсін соңына дейін мойындамаған.

Сот отырысында оның адвокаты басқа айыпталушылар экс-шенеунікке жала жабуға тырысып жатқанын айтқан. Бұл ретте қорғаушы "Алаяқтық" бабын "Салғырттық" бабына өзгертуді сұраған.

"Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады