Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның қай қалаларында жылу бағасы артады

Қазақстанның қай қалаларында жылу бағасы артады
Фото: kazlenta.kz

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаев жылу тарифтерін көтеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол тариф экономикалық негіздеме бойынша белгіленетінін атап өтті.

"Егер субъект тарифті 100 пайызға көтеруді сұраса, бірақ соншалықты көтеруді негіздейтін құжаттары болмаса,  онда біз өтінішін қабылдамаймыз. Біз міндетті түрде әлеуметтік пікірді ескереміз. Тарифті бекіту алдында сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып, жария тыңдаулар өткізіледі. Егер халық тарапынан тарифтердің көтерілуіне қатысты түсінік болмаса, онда біз бұған назар аударамыз", - деді ол.

Зеріпбаев Қазақстандағы инвестициялық бағдарламаларды өзгерту бойынша жылу энергетикасы саласында 67 субъект анықталғанын айтты.

"Біз оларды "қызыл, сары және жасыл" аймақтарға бөлдік. 27 субъект қызыл аймақтарға жатқызылған, яғни тозу деңгейі – 65 пайыздан жоғары. Олардың 24-інен өтінім түсті. Қазір шешімдер қабылдануда", - деді комитет өкілі.

Журналистер әңгіме нақты қай аймақтар туралы екені нақтылауды сұрады.

"Бізге қызыл аймақ бойынша 24 өтінім келіп түсті. Бұл – Павлодар, СҚО, Абай, Ақмола облыстары, Алматы және т.б. Өтініштер өте үлкен өсіммен беріледі, бірақ біздің департаменттер бәрін талдайды, барлық құжаттарды тексереді", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын еліміздің жылумен қамту жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді