Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда коммуналдық қызмет қымбаттайды

Алматыда ыстық, суық су, электр энергиясы, жылу және кәріз жүйесі сынды коммуналдық қызметтер тарифін көтеру жоспарланып отыр. Десе де, қала билігі төлемдердің қаншалықты өсетінін әлі нақты айта алмай отыр. Тарифтердің не себепті өсетінін және оның қандай нәтиже беретіні туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Krisha.kz 

Брифингте Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілінің айтуынша, табиғи монополия субъектілерінің әрқайсы үшін тарифтердің өсуі әртүрлі болады. Бұл ретте желілердің ұзындығы мен олардың қаншалықты тозғаны ескерілмек.
"Қазіргі таңда талдаулар жасалып, есептер жүргізілуде. Тарифтердің қаншалықты өсетінін біз әзірге нақты айта алмаймыз. Аталған бағдарлама 2029 жылға дейін желілердің тозу көрсеткішін 15 пайызға төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар тұтынушылардың салған қаражаты қоғам тарапынан бақыланатын болады және иесі жоқ желілер бойынша жұмыс жалғасады. Қабылданған іс-шаралар қызмет сапасына әсер етеді, яғни желілердің істен шығуы мен апаттар азаяды", - дейді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева. 
Оның сөзінше, Алматыда желілер айтарлықтай тозған. Мәселен, жылу және электр энергиясы желілері 60 пайызға, су және кәріз жүйесі 50 пайызға тозған. Сонымен бірге басылым суық су мен кәріз жүйесі тарифтері едәуір өсетінін атап өтті. Себебі, аталған қызметтердің төлемі Алматыда ғана емес, жалпы Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Жалпы алғанда аталған салада бюджеттік субсидиялаудан нарықтық қаржыландыру жүйесіне біртіндеп көшу жоспарланған. Бұл ретте билік өкілдері тариф негізсіз көтерілмейтініне сендіріп отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты