Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент жылу энергетикасы туралы: Үкіметтің қолы қордаланған проблемалардан босамай жатыр

Президент жылу энергетикасы туралы: Үкіметтің қолы қордаланған проблемалардан босамай жатыр
Фото: wikipedia.org

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада жүйенің тозу көрсеткіші 92%-ға дейін жеткен. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек келтірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Инфрақұрылымды, бірінші кезекте коммуналдық инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құру қажет. Осы қыста жылумен қамтамасыз ету саласының сәтсіз жұмысы азаматтардың наразылығын тудырды. Жылу-электр орталықтарының жартысынан көбі қауіпті деңгейде, кейбір қалаларда тозу деңгейі 80%-дан асты», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жылу желілерінің орташа тозу көрсеткіші 54%-дың төңірегіне жеткенін де атап өтті.

«Ал орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада бұл көрсеткіш 75-тен 92%-ға дейін. Коммуналдық саланы жаңғырту мақсатында мен «Инвестиция орнына тариф» саясатына көшуді қамтамасыз етуді тапсырдым. Қазіргі жағдайда Үкімет жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешуге мәжбүр болады. Бірақ басқа жол жоқ», - деді Президент.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады