ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні 1 сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70% - ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.
«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп.Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр», – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.