Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде биыл қанша бала 1-сыныпқа барады

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау төрт айға созылды. Осы аралықта түскен 400 мыңға жуық өтініштің 80 пайызы электронды форматта тапсырылған, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміз бойынша бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Төрт ай ішінде қабылданған 400 мыңға жуық өтініштің 80 пайызы электронды форматта түскен. Ата-аналардың 70 пайызы балаларын мемлекеттік тілде оқытуға құжат тапсырған. Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны – Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтындардың қатары көп. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші ретінде Қызылорда 89,6 пайызбен көш бастап тұр. Одан кейін Ұлытау – 86,6 пайыз, Маңғыстау – 86,2 пайызбен үштікті қорытындыласа, Жамбыл облыстары 80,4 пайызбен түйіндеген. "Бұл – балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы. Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі", – делінген министрлік хабарламасында.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда