Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берген

Құжат қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізілді. Конкурс нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат -қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Жалпы, 2022-2023 оқу жылына магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді.  Грант конкурсына құжат жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы дәстүрлі форматта және виртуалды комиссиялар арқылы онлайн қабылданды.


«Бірнеше жыл қатарынан өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мен «Бизнес, басқару және құқық» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақта қазақ тілі және әдебиет, шет тілі мұғалімдері, инженерлер және дипломаттар арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады деген болжам бар», - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.


Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілерінде 25 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.


Білім беру гранттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадр қажеттілігі бойынша деректері негізінде бөлінген.


Еске салсақ, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталатыны жарияланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты