Екібастұз қаласының ПБ көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісін тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының алты азаматы мен Әзірбайжан Республикасының бір азаматы қала нысандарының бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.
Құрылыс саласындағы жоғары өсу қарқыны: 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Жұманғарин Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді– Құжаттарды тексеру олардың біреуінің біздің елде тіркелу мерзімі өтіп кеткенін, оған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, қалған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық материалдар қарастырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Еңбек мигранттарын жалдаушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.