Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан шетелдік ұсталды

Павлодар облысында кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде қайталап бұзған 5 Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады, олар заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Сондай-ақ Тәжікстан Республикасының 27 жастағы азаматы ұсталды, оған қатысты Алматы қаласы сотының 03.06.2020 ж.қаулысымен шығарып жіберу туралы шешім қабылданды. Алайда ер адам кетуге асықпаған және осы уақытқа дейін Қазақстанда болған. Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты материал сотта қаралып, кейіннен елден мәжбүрлеп шығарып жіберуді қамтамасыз ету үшін соттың санкциясымен 30 тәулікке арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Тәртіп сақшылары “Нелегал” жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Нәтижесінде 597 азамат жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 37 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының 253 азаматы тартылды.

– Мысалы, алтын өндіретін кеніштердің бірінде жұмысшы ретінде еңбек еткен Өзбекстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Бұл шетелдіктер Алматы қаласында еңбек патенттерін рәсімдеді. Қазіргі уақытта үшеуі де Павлодар қаласының қабылдау-тарату орнына қамалды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 36 жастағы азаматын анықтады, ол тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Қазір шетелдік азаматты шақырған Қазақстан Республикасының азаматына қатысты тексеру жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді