Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық бюджет кірісі азайған

Республикалық бюджет кірісі азайған
Фото: kazlenta.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан республикалық бюджет түсімі азайып, жергілікті бюджет кірістері артқанын мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет бюджетіне 8 трлн теңгеден аса кіріс түсті немесе жоспар 103,0% орындалды. Ал республикалық бюджетке 5,4 трлн теңге түсті. Жоспар 93,8% орындалды. Атқарылмаған бөлігі 355 млрд теңгені құрады», - деді Е. Жамаубаев.

Министрдің сөзінше, салықтар бойынша жоспардың 400 млрд теңгеге орындалмауына корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық әсер еткен.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы биылғы 5 айда 641 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңінен 34% немесе 108 млрд теңгеге азаюымен байланысты. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13% төмендеуімен байланысты болды.Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 11% төмендеуі әсер етті», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет Ұлттық қордағы қаржыны 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғаны хабарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты