Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз баяндамасында бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері бойынша негізгі көрсеткіштер, мемлекеттік аудит және мемлекеттік активтерді бәсекелес ортаға өткізу жөніндегі істердің жай-күйі  туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.


Министр атап өткендей, мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар  102,7% атқарылды. Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 100,3% атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 22 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 16 млрд теңгеге артығымен орындалды.


Салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және шикі мұнайға экспорттық кеден баждарына тиесілі.


Сонымен бірге, жоспар қосылған құн салығы бойынша бойынша 256 млрд теңгеге атқарылмады.

Министрдің айтуынша, атқарылмау себептері мыналар болды: 

  • 2019 жылмен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 1,5 есеге немесе 236 млрд теңгеге өскен;
  • «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 14%-ға азайған. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар бұрнағы жылдың 11 айымен салыстырғанда 42%-ға немесе 8 трлн теңгеге азайған;
  • 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 14%-ға төмендеді.

«Соңғы жылдардың серпіні цифрландырудың фискалдық әкімшілендіруге әсері күшейе түскенін көрсетеді», – деді Е. Жамаубаев.


Жалпы пандемияға байланысты 2020 жылы салық түсімдерінің төмендеуі 2,4 трлн теңгеге бағаланады.Бұл ретте, есепті кезеңде негізінен салықтық – кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландырудың есебінен 710 млрд теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.

Астана-1 ақпараттық жүйесі енгізілгеннен бастап, кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан ұсынылады.


«Егер бұрын біз өнім берушілер мен сатып алушылар арасындағы мәмілелерді тек есепті кезең аяқталғаннан кейін, яғни жарты жылдан кейін ғана көретін болсақ, қазір электрондық шот-фактуралар есебінен онлайн режимде көре аламыз», – деді Е. Жамаубаев.


Нәтижесінде камералдық бақылау тиімділігінің 1,5 есе өсуі қамтамасыз етілді, субъектілерге тексеріспен шықпай-ақ, олар өздері бюджетке 490 млрд теңге төледі.


2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға жаппай көшу жүргізілді. Қазіргі уақытта онлайн бақылау-касса машиналарының үлесі 97%-ға жетті. 


Ағымдағы жылы цифрландыруды кеңейту бойынша шаралар қабылдау жалғасатын болады, оның ішінде қосылған құн салығын төлеудің дұрыстығын онлайн әкімшілендіру үшін блокчейн технологиясын енгізу, ірі салық төлеушілердің «горизонталды мониторингін» жетілдіру, салықтан жалтарудың трансұлттық схемаларын анықтау үшін Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымымен және халықаралық ұйымдармен мәліметтер алмасу жоспарлануда.


Министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірістері 108%-ға атқарылды және 3 трлн 191 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 236 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 213 млрд теңгеге асыра орындалды.


Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,1%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,3%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1%-ға атқарылды.


Республикалық бюджет бойынша 14 трлн 234 млрд теңгеге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 241 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 224 млрд теңге - бұл Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және басқа шығыстар бойынша үнем. Игерілмеу сомасы - 15 млрд теңге.


Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес министрлік тиісті әдістеме мен ақпараттық жүйені әзірлегенін атап өту керек.


Қазіргі таңда 2015-2019 жылдар кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың 67 шарасы бойынша алдын ала деректер бар.


«Ағымдағы жылды тиімділікті бағалаумен қаржылық қолдаудың барлық шаралары қамтылатын болады, оның нәтижелері одан әрі бюджеттің сапасын жоғарылату үшін пайдаланылатын болады», – деді Е. Жамаубаев.


Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,4 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 78 млрд теңге.


2020 жылы өңірлерге көзделген нысаналы трансферттер толық көлемде бөлінді және 2,2 трлн теңгені құрады. Алдын ала деректер бойынша, жергілікті жерлерде 99,4%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 13 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге – үнемдеу, 11 млрд теңге игерілмеді.


Министрдің айтуынша, өткен жылы республикалық бюджеттің параметрлері екі рет нақтыланған. Бұл ретте, бюджет заңнамасына сәйкес шығыс бөлігі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша 8 рет түзетілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша республикалық деңгейде де, нысаналы трансферттер бойынша жергілікті деңгейде де игерілмеу орын алды. Осыған байланысты министр мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруды ұсынады. 


2020 жылы камералдық бақылаумен сомасы 10,4 трлн теңгеге 1,4 млн аса  мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 983 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді. 2 177 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 74% бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізуге тиесілі болып отыр. Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 237 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 950 ұсыным берілді.


2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді толығымен жоспары орындалды. Есепті жылы 101 млрд теңге сомасына 12 объекті сатылды. 7 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 55 объекті жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді. 2 объекті жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынып тасталды. 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді