Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аймақтардың бюджетін арттыру үшін қосымша салық түсімдері әкімдіктерге беріледі

Өңірлердің бюджет дербестігін нығайту үшін қосымша салық түсімдері әкімдіктерге беріледі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz


«Бюджеттің шикізаттық сектордан тәуелділігіне және салық саласындағы әкімшілендіруге қатысты сын-пікірлер айтылды. Соңғы 5 жылдағы салық түсімдерінің жалпы көлеміндегі шикізаттық емес сектордың үлесі орташа алғанда 68 % құрады. Осы жылдар ішінде шикізаттық сектордың үлесі 32%-тен асқан жоқ. Дегенмен, жаһандық экономиканың біртіндеп жандануы негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуіне алып келді. Бұл шикізаттық сектордан түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, жер қойнауын пайдаланушыларға салық бойынша тексерулер мен горизонтальды мониторинг нәтижесінде бюджетке қосымша 200 млрд теңгеден астам қаражат өндіріп алынды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, Үкімет салық базасын кеңейту, яғни бизнесті дамыту және оларды көлеңкеден шығару, салық әрі және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және басқа да көздер арқылы бюджет кірістерін әртараптандыруға арналған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізетін болады. Мәселен, соңғы 3 жылдың өзінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мен цифрландырудан бюджетке 2 трлн теңгеден астам қосымша түсімдер қамтамасыз етілген. Оның тек 680 млрд теңгеден астамы былтыр түскен.

«Былтыр Қытай Халық Республикасының экспорты – Қазақстан Республикасының импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі алшақтық 40,5 пайызға төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады», - деді министр.
 
Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары бюджет шығыстарына қатысты тоқталды. «Біз Есеп комитетінің республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржы ағындарын барынша азайту жөніндегі ұсынысымен келісеміз. Өңірлердің бюджет дербестігін нығайту үшін қосымша салық түсімдерін әкімдіктерге беру жолымен бюджетаралық қатынастарды реформалау жүзеге асырылатын болады», - деді Е. Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бюджетке қатысты ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілетінін айтты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді