Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері ақпараттық технологияларға қатысты 1,5 мың қылмыс тіркелген

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оңтүстік өңірдің тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтықтарды ашты, деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырып, «InDriver» қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен алдау арқылы жүргізушілердің жеке деректерін – жеке куәліктерін, тексеру үшін фотосуреттерді, сондай-ақ банк шоттарының деректерін алған. Содан кейін күдікті жәбірленушілердің атынан несие ресімдеген. Қазіргі уақытта оның осындай тоғыз фактіге қатысы бары белгілі болды.

Облыс полицейлері тағы бір алаяқты ұстады. Ол өзін спутниктік теледидар қызметкері ретінде таныстыра отырып, азаматтардың жеке деректерін алып, шағын несие беретін ұйымдарда қарыз ресімдеді. Алаяқ осындай 30-дан астам фактілерге қатысты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатысын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Ақпараттық технологияларды өміріміздің барлық аспектілеріне кеңінен енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етті. Жыл басынан бері осындай 1,5 мың қылмыс тіркелген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады