Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда науқас қыз лас жұмысқа жегілген: интернат директорына үкім шыққан

Қостанайда науқас қыз лас жұмысқа жегілген: интернат директорына үкім шыққан
Фото: pixabay.com

Қостанай қаласының №2 сотында әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Майдашаш Жұмағалиға, оның қызы Камила Бимендинаға және Пешков психоневрологиялық интернат-үйінің директоры Дамира Әбелдиноваға үкім оқылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйелдер ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: 128-бап "Адамды өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалдау, тасымалдау, өткізу", 126-бап "Бас бостандығынан заңсыз айыру", 362-бап "Билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану".

Сот үкімі бойынша Майдашаш Жұмағали 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дамира Әбелдинова 6 жылға сотталды. Екеуі де жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ал Камила Бимендина 6 жылға шартты түрде сотталды.

Сотталғандар Пешков интернатындағы әрекетке қабілетсіз Гүлбаршын М. есімді қызды елордадағы "Забота" жеке пансионатына заңсыз әкеткен. Пансионат Камила Бимендинаға тиесілі болды. Науқас Астанада лас жұмыс үшін пайдаланылды. Тергеу мәліметтері бойынша, пансионатқа қызды Майдашаш Жұмағали жіберген, оған интернат директоры Дамира Әбелдинова көмектескен.

Науқасты 2021 жылдың желтоқсанында интернаттан алып кеткен. Әбелдинова барлық қызметкерлерге Гүлбаршын М.-ді  туыстарына демалысқа жіберетінін алдын ала айтқан. Алайда, әріптестері оның сөзіне сене қоймайды. Өйткені ол интернатта тұрған жылдары оған ешкім келіп, жағдайын білмеген.

Айта кетейік, жылына бір рет интернаттағыларды туыстары үш айға демалысқа алып кетуге құқықы. Алайда, осы мерзім өткеннен кейін науқас қыз орталыққа қайта оралмаған. Сондықтан интернат қызметкерлері дабыл қағып, оны іздей бастаған.

Кейін Гүлбаршын М. елордалық пансионаттан қашып кеткені белгілі болды. Оны еріктілер тапқан. Денесі көгеріп, қатты арықтаған қыз орталыққа жеткізілді. Ауруханада медициналық тексеру кезінде одан гинекологиялық дерт анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді