Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да жетім балалар мектеп-интернатының директоры сотталды

ШҚО-да 12 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Агенттіктің хабарлауынша, мектеп-интернат директоры А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген қаражатты жымқырған. Ол сабақ өткізбесе де, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған. Бұдан басқа А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ақшаны есеп шоттарынан шешіп, Базарханованың өзіне қайтарып отырған.

"Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған", - делінген ресми хабарламада.Сонымен қатар агенттік А.Базарханова танысына қарызын қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, жалақы ретінде шотына 729 мың теңге аударғанын атап өтті. Шын мәнінде жұмысқа алған адамы жұмыс істемеген. Мектеп-интернат директорына қатысты іс Шығыс Қазақстан облыстық сотында қаралған. Үкім шығарарда қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын және жасөспірім баласының бар екенін ескерген.

Осылайша, Базархановаға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді