Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы түрмеге тыйым салынған заттарды тасымалдаған 24 адам анықталды

Алматыдағы түрмеге тыйым салынған заттарды тасымалдаған 24 адам анықталды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Алматыдағы түрмеге тыйым салынған заттарды тасымалдаған 24 адам анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға пайдалануға тыйым салынған заттарды жасырып немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттенген адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады, ескерту жасалады немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады. Ал осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттері үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады немесе 30 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алынады.

Осындай жазаларға қарамастан жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №72 мекемесінде тергеу-қамауындағылар мен сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген 24 адам ұсталды. Оның ішінде 4 әйел адам бар. Аталған фактілердің ішінде 14 факті №72 мекеменің фрон-кеңсесі арқылы өтпекші болғандардан анықталды. Бір өкініштісі құқық бұзушылардың арасында 8 қоғамдық қорғаушы, 1 адвокат бар.

Сондай-ақ сотталғандармен және тергеу қамауындағылармен қысқа мерзімді кездесуге келген 5 адамның да осындай заңсыздықтары анықталды. Соңғы кезде тыйым салынған заттарды пошта арқылы жіберетіндер де кездесуде. Атап айтқанда олар 14 телефон, 34 500 теңге, 1,5 литр спирттік ішімдік, 11 басқа да заттарды (SIM-карта, USB-шнур, қуаттағыш құралы) өткізуге әрекет жасаған. Мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізбекші болғандардың барлығына хаттама толтырылып, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды