Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада түрмеге 5 телефон жөнелтпек болған адам ұсталды

Қызылордада Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қоршауынан скотчпен оралған 2 дана белгісіз затты лақтыруға әрекеттенген қызылордалық тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бұл жөнінде жедел түрде 102 нөміріне хабарланды. Аталған мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторы жедел жеткен.

"Тексеру барысында ішінен 100 дана трамадол дәрісі мен бес телефон, екі қуаттағыш құрылғы табылды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 481-бабына сәйкес іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды. Онда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру жағдайы көрсетілген", - деді мекеме бастығы Мақсұт Өтетілеуов.
 

Ведомство мәліметінше, департамент тарапынан сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу жұмысы қатаң бақылауда тұр. "Жыл басынан осындай сегіз дерек тіркелді. Оның 2-не қылмыстық іс қозғалса, 6 дерек бойынша сот қаулысымен ескерту жасалды", - деді Мақсұт Өтетілеуов.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді