Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы колонияға шелпек ішіне жасырып телефон мен насыбай өткізбек болған күдікті анықталды

Алматы облысындағы колонияға шелпек ішіне жасырып телефон мен насыбай өткізбек болған күдікті анықталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген бандероль ішіндегі шелпектерден тыйым салынған заттар анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде шелпек ішінен скотчталған жеті орам табылған. Олардың ішінен екі ұялы телефон, қырық дана ақ түсті белгісіз дәрілер, құлаққап, зарядтағыш құрылғы және алты дана насыбай бумалары табылып, тәркіленді.

Тыйым салынған заттарды бандероль арқылы жіберген адам анықталды.

– Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген белгісіз дәрілерді анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, сондай-ақ жаза көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді