Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен

Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен
Фото: polisia.kz

Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне ересектердің назарын аудара отырып, профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізеді. Алайда, қала аумағында балалардың биіктіктен құлау жағдайлары тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері Астанада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелді. Қуанышқа орай, барлық балалар тірі қалған, алайда жарақат алған. Полицияға үйдің үшінші қабатынан баланың құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. 2 жасар бала үйде үлкен балалармен қалған және терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйеніп тұрып құлап кеткені анықталды. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. 

Полиция қызметкерлері тағы да ата-аналарға балалар қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін жақын туғандарының немқұрайдылығынан, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және терезе жабық тұрғандай иллюзия тудыратын масаға қарсы торлардың болуынан туындайды. Есіңізде болсын, баланың қауіпсіздігі ересектердің сақтығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Немқұрайдылық таныту – қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екендігін естеріңізге саламыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады