Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бір күнде 3 бала терзеден құлап кетті


Абай, Алтай, Шымкент қалаларында бір күнде үш бала тезеден құлаған. Бұл туралы Қазақпарат ҚР Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«10 тамыз күні Қарағанды облысының Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қараусыз қалған 3 жасар сәби құлап, әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы ауыр. Сол күні Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында бесінші қабаттың терезесінен тағы біреуі құлап, оқиға орнында көз жұмды. Шымкент қаласының Нұрсат ықшам ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы балконнан бес жасар бала құлап, оқиға орнында мерт болды», - делінген Комитет ақпаратында.

 Ведомство өкілдері үш жағдайда да құлаған балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанын айтады.

«Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек. Терезеге тұтқан торға сенуге болмайды. Олар баланы қорғауға арналмаған. Барлық жиһазды, соның ішінде керуеттерді, терезеден алыс қойған абзал» - деп ескертеді ТЖК.

Фото: www.inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты