Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген Кентау тұрғынын ұстады

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсанда сағат 17:10 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Самара-Шымкент тас жолының 1960/306 шақырым тұсында бағыттас көлік құралдарының жүру жылдамдығын және бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, авариялық жағдай туғызып, қозғалыс жасап келе жатқан Audi A6 автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында көлік жүргізушісі Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны алкоголь өнімін пайдалануы бойынша күдік тудыртып, сараптамадан өту барысында алкогольді масаюдың орта дәрежесі екендігі анықталды.

Мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) және 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары рәсімделіп, сотта қаралуда.

Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар автокөлік ақылы айып алаңына қойылды.

– Қоғамдық және жол қауіпсіздігі әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Сондықтан да жол қозғалысының барлық қатысушылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаулары қажет, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын