Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Семейде есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Семейде есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

1 сәуір күні түнгі уақытта Семейдегі көшелердің бірінде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде патрульдік полиция батальоны инспекторларының назарына ВАЗ-2114 автокөлігі түскен.

Патрульдік автокөлікті көргеннен соң, жылдамдықты күрт төмендетіп, жолдан бұрылмақ болған жүргізушінің оғаш әрекеті тәртіп сақшыларының назарын аударған. Патрульдік көлік жақындағанын көрген жүргізуші жылдамдықты күрт арттырып, жасырынуға тырысқан. Көлікті қуу нәтижесінде заң бұзушы тоқтатылды. Сондай-ақ өткен жылдың басында жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші кәулігінінен айырылғаны анықталды.

Масаңдық белгілерін байқаған тәртіп сақшылары, жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, оған медициналық тексеруге жеткізген. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі есірткіге масаң күйде болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді