Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Енді жеке басын куәландыратын құжат алу үшін азаматтар әлеуметтік мәртебесін растамайды

Енді жеке басын куәландыратын құжат алу үшін азаматтар әлеуметтік мәртебесін растамайды
Фото: lada.kz

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдіктер берушілердің мәртебесін растаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялауды іске асырды. Бұл оларға жеңілдіктің бар екені туралы растайтын құжаттарды ұсынбай паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.

"Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірінің өкілі болып табыла ма, жоқ па, оны автоматты түрде анықтайды".Ішкі істер министрлігі

Жеңілдік санатына жататындар:

  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар адамдар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жетім балалар және басқалары.
Сонымен қатар, Еңбек министрлігі базасындағы балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік мекемелерде тұратындар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жеткізгіште растауы қажет.
Бұдан басқа биыл ақпан айында салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілген өзгерістер енгізілді. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді