Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында 69 жастағы зейнеткер алғаш рет қазақстандық құжаттарға қол жеткізді

Бүгінгі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен өмір сүріп келген Лариса Чернышева алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарт әйелге көптен күткен құжаттарын алуға Ақтөбе облысының полицейлері көмектесті. Оны Мұғалжар ауданының полиция бөліміне шақырып, салтанатты түрде жеке куәлігі мен гүл шоқтарын табыстады. Одан өзге зейнеткерге арнайы дайындалған азық-түлік себеті ұсынылды.

Лариса Чернышеваның айтуынша, бұған дейін ол ХҚКО-ға және анықтама бөліміне жүгінген, онда әйелді құқықтық мәртебесін анықтау үшін аумақтық көші-қон қызметі бөлімшесіне жіберген.

– Менде туу туралы куәлік те, ел аумағында тұратындығымды растайтын құжат та болған жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті органдарға өздері сұрау жіберіп, қажетті ақпарат алды, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығымды анықтай алды. Менің мәселемді қысқа мерзімде шешіп бергендеріңіз үшін рақмет. Мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығына және ІІМ министріне ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті зейнеткер.

Енді қарт әйел барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен бірдей пайдалана алады.

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру саласындағы қызметтерді алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде мүмкіндіктері шектеліп, ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтындығын атап өткен жөн.

Осыған байланысты полиция құжаттары жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді