Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады

Ағымдағы жылғы 28 желтоқсаннан бастап «Электрондық үкімет» порталында (бұдан әрі – eGov порталы) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде берілетін құжаттардың электрондық нысандарын алу қолжетімді.


Бұл қызметті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 4 наурыздағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілетін әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс барысында іске асырды.


Осылайша, eGov порталында келесі құжаттардың электрондық нысандарын алуға болады:

  • мүгедектік туралы анықтама;
  • жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;
  • зардап шеккен қызметкердің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
  • оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме;
  • оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме;
  • медициналық-әлеуметтік сараптаманың сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама;
  • толық оңалту туралы хабарлама.

Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына және мүгедектігі бар адамдардың қамқоршыларына балаға/қорғаншыға жоғарыда аталған электрондық құжаттарды алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді