Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада оқушылардың химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды

Астанада оқушылардың химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды
Фото: egemen.kz

Елордада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді. Оған 20-дан астам елден келген оқушылар қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар бар. Команда құрамалары бұған дейінгі  ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Біздің еліміздің намысын бұл додада 15 оқушы қорғайтын болады.

«Балалар арасындағы химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы біздің елімізде осымен төртінші рет өткізілуде. Бұл жылы негізгі іс шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімдерін   техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салатын болады»- дейді «Дарын» РНПЦ директоры Гаждембек Тұрсұнов.

Олимпиада алты күнге созылады және үш кезеңнен тұрады: екеуі теориялық және біреуі тәжірибе жүзінде. Бірінші кезең тапсырмалары күрделілігі бойынша арнайыландырылған химия сыныптарының бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның бес бөлімі бойынша жоғарырақ деңгейдегі тапсырмалар беріледі: органикалық, органикалық емес, аналитика және физикалық химия, сондай-ақ, тірілер туралы ғылым. Бес сағаттық тәжірибелік кезең оқушылардың химиялық зертханаларда жұмыс жасау дағдысын сарапқа салады: заттардың химиялық сараптамасын жүргізу және ұсынылған әдістеме бойынша синтез жасау.

Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталды. Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы тапсырылады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді