Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл полицейлері жүкті ананы екi баласымен өрттен құтқарды

Жамбыл полицейлері жүкті ананы екi баласымен өрттен құтқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz сайтына сілтеп.
14 ақпан күні Меркі АПБ ӘПб жол-техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторлары Данияр Тналиев пен Нұрдәулет Нұрғали Интернациональный кентінде Көкжиек көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінен қалың түтінді көредi.

Жақын барғанда полицейлер жеке үйдің түтін мен жалынға толы екенін байқайды. Олар жеке қауіпсіздігi туралы бір сәт те ойланбастан, өтіп бара жатқан адамдарға өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасын шақыруды айтып, өздері үйге қарай жүгірді.

"Әрiптесiм екеумiз үйге қарай жүгіргенде, әйелдің дауысы мен баланың жылағанын естідік. Ойланып тұратын уақыт жоқ едi. Біз терезені сындырып, iшке ендiк. Мен қалың түтінді аралай бастадым. Ештеңе көрінбеді, балалардың даусымен ғана тұрған жерлерiн анықтай алдым. Дер кезінде құтқара алғанымызға қуандық. Бiз өз мiндетiмiзге сай әрқашан қиын сәтте көмекке келуге дайын екендігiмiздi айтқым келедi", – деді Данияр Тналиев.

Сол бірнеше шешуші минуттарда екі ержүрек полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден екі кішкентай бала мен олардың жүкті анасын құтқара алды. Оған қоса жедел жәрдем келгенге дейін денсаулықтарын бақылап, кез келген жағдайда қажетті құтқару шараларын өткізуге дайын болды.

Көп ұзамай келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өршiген жалынды сөндірдi. Полицейлер отбасын тексеру үшін дәрігерлерге тапсырды. Содан кейін ғана штаттық режимдегi өз қызметтерін әрі қарай жалғастыруға кетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді