Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бесінші сынып оқушысы Қостанайда жанып жатқан үйден төрт баланы құтқарды

2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанайдағы "Садовод" саяжай қоғамдастығының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 6 адам тұратын тұрғын үй құрылысы 60 шаршы метр алаңда отқа оранған. Үйде ешкім болмаған.

Өрт орын алған сәтте Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Пирог Олег саяжай маңында ойнап жүріп, көрші  үйдегі қалың түтінді байқайды. Олег бұл үйде көп балалы отбасы, кәмелетке толмаған балалар тұратынын білген.

Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол дереу түтінге оранған үйге өз өмірін қатерге тігіп терезе арқылы кіріп, кезекпен 4 баланы көшеге шығарады.

Бұл уақытта үйде ата-аналар болмаған, пешті жағып,  дүкенге кеткен.

Ата-аналар келгенге дейін балалар көршілерінде болды. Құтқарылған балалар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Оқиға орнында 4 бірлік техника, 17 адам өрт сөндіру қызметі және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты.

Құтқарушылар өртті 12:07-де оқшаулап, көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жойды. Сағат 12: 28-де өрт сөндірілді.

Өрттің болжамды себебі-пешті дұрыс пайдаланбау.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді