Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер өртенген үйден екі адамды аман алып шықты

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік инспекторлар өртке оранған үйден екі адамды аман алып шықты. Олар ес-түзсіз жатқан үй иесін де құтқарып қалған, деп жазады Polisia.kz.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны бауырының үйінің жанынан өтіп бара жатып, түтінді байқап қалады. Сол маңдағы аумақты аралап, тексеріп жүрген учаскелік инспекторлар Азамат Тамашов пен Азамат Баймусинов оқиға орнына бірінші болып барады. Түтінге толы үйге кіргенде, олар ас бөлмеде жатқан жергілікті тұрғынды көріп, бірден сыртқа шығарған. Үйдің иесі әлі де іште екен. Полицейлер үйге тағы екі мәрте кіріп шықты. Түк көрінбейтін түтіннің ішінде тұншығып, төбесі жанып жатқан төргі бөлмеден ес-түссіз жатқан үйдің иесін тауып, далаға алып шыққан. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де дер кезінде жетіп, өртті ауыздықтады.

"Медицина қызметкерлері жапа шеккендерді тексеріп шықты. Учаскелік инспекторлардың жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. 15 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер – Бәйтерек ауылдық округіне қызмет көрсететін полиция майоры Азамат Тамашев пен Конюховский ауылдық округіндегі құқықтық тәртіпке жауапты полиция аға лейтенанты Азамат Баймусинов халық арасында құрметке ие. Оларды үйлерінде бала-шағалары күтіп отырады. Екеуі де тәуекелге бел байлай отыра, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып шықты", – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Эльдар Нұрғалиев. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты