Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Учаскелік полиция инспекторлары көпбалалы отбасыны өрттен құтқарып қалды (видео)

Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторлары көпбалалы отбасыны өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Құтқарылғандар арасында төрт бала бар, олардың кішісі үш жаста ғана.


– Әріптесім, Самат Нұровпен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан едік. Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатып, жеке сектордан шыққан қою түтінді байқадық. Кері қарай бұрылып, 657-үйге қарай жүгірдік. Монша өртеніп жатыр екен, өрт үйге қарай тарап үлгерген. Ішінде адамдар болды. Олар қатты ұйықтап жатқандықтан, отты сезбеген. Оларды үйден терезе арқылы алып шыға бастадық. Алдымен балаларды, содан кейін ересектерді шығардық. Отағасы түпкі бөлмеден әжейді шығарды, біз оны терезе алдында күтіп алдық. Сонымен қатар қосымша көмекті де шақырдық. Патрульдік экипаж келіп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялай бастады. Өрттің бір-біріне жақын орналасқан басқа тұрғын үйлерге де таралу қаупі болды. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Жайнат Молдағали.


Өрттің шығу себебін мамандар анықтайды.


– Мен полицейлерге қатты ризамын. Егер олар болмаса, біз бәріміз, бүкіл отбасымызбен өртеніп кетер едік. Жанымыздан өтіп кетпей бізге көмектескендеріңіз үшін көп рахмет, – деді көпбалалы ана.


Өрт болған күні отағасы әлеуметтік желіде пост жазып, онда полиция қызметкерлеріне отбасын құтқарғаны үшін алғысын білдіргенін естеріңізге сала кетейік.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді