Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы ең жас әкімнің жасы 41-де екені белгілі болды

Ranking.kz компаниясы өңір әкімдерінің жасы мен олардың осы қызметте отырған уақытына зерттеу жүргізді. Биылғы 17 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚР өңірлері әкімдерінің орташа жасы 52,7 жасты құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz


Еліміздің ең кәрі әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Әкімнің жасы — 68,6-да. Екінші және үшінші орында жаңадан құрылған Жетісу облысын басқарып отырған Бейбіт Исабаев (60,1 жаста) пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов (59,7 жаста).

Ең жас өңір әкімі — Мұрат Әйтенов (41,2 жаста), ол республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Жас әкімдердің қатарында сонымен қатар Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43,5 жас) пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов (44,1 жас) та бар.

Еліміздегі ең жас әкім Мұрат Әйтенов 38 жасында қызметке кіріскен. Бұл әкімдердің қызметке кіріскен уақыттағы жастарының ішінде де ең жасы. Әйтеновтің өңір басшысы лауазымындағы қызмет мерзімі 3 жыл. Атырау және Павлодар облыстарының әкімдері де қызметке кіріскен кезінде ең жас әкімдердің қатарында болды: тиісінше 42 және 44 жас.

Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов бұл қызметте 8,2 жыл (ең ұзақ мерзім) қызмет етті. Ол облыс әкімі қызметіне 60 жасында кірісті.

Қазіргі қызметінде ең аз уақыт отырған әкім — Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Екі әкім де жақында — 2022 жылдың 8 желтоқсанында, бір айдан сәл астам уақыт бұрын ғана қызметіне кірісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты