Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-де өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kazlenta.kz

"Сіз ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысын басқарып келесіз, бұған дейін басқа өңірдің басшысы болдыңыз. Бірақ сіз қанша айлық алатыныңызды ешқашан айтқан емессіз. Айтыңызшы, қазір табысыңыз қанша және облыс бөлінгеннен кейін жалақыңыз азайып қалмады ма?", - деп қызығушылық танытты БАҚ өкілі.

Журналистің сұрағына жауап берген Даниал Ахметовтің айтуынша, ол екі миллион теңгеден аса жалақы алады. "Мен әкімдердің жалақы жүйесі туралы қысқаша айта кетейін. Біріншіден, әкімдердің базалық айлығы бірдей. Яғни, базалық сан және оның өсуі жұмыс өтіліне байланысты. Жұмыс өтілімді айтсам, қазір мені тағы да сынай бастайсыздар, менің жұмыс өтілімім - 48 жыл. Бұл сіздің кез келгеніңіздің жұмыс өтілімен салыстырып қарағанда, әлдеқайда көп.

Менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімім – 33 жыл. Бүкіл өмірбаянымды айтпай-ақ қояын. Бірақ көптеген әріптесіммен салыстырғанда, бұл жұмысқа өндірістік базамен келдім. Сонымен, біздің әкімдердің айлығы бірдей, менің 48 жылдық еңбек өтілімім бар, мемлекеттік қызметтегі өтілімім 33 жыл, айлығым – екі миллион теңгеден асады", – дейді ШҚО әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтқан еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді