Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда министрлер мен әкімдердің орташа жасы қанша

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі министрлердің, әкімдердің және олардың орынбасарларының орташа жасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz


Tengrinews редакциясының сұрауына жауапта, агенттік елдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 2022 жылы 39,7 болғанын хабарлады. Бұл үш жыл бұрынғыға қарағанда аздап жоғары (2019 жылы 39 жас).


Бұл ретте министрлердің, олардың бірінші орынбасарлары мен басқа да орынбасарларының орташа жасы биыл 45,7 болды. Соңғы үш жылда министрлер бір жылға дерлік "жасарды" - 2019 жылы 46,6 жас болған.  


Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің және олардың орынбасарларының орташа жасы биыл - 48.

Министрлердің арасында ең жасы - ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Ол 38 жаста. Өңір әкімдерінің ішінде ең жасы Шымкент қаласының 40 жастағы әкімі Мұрат Әйтенов.


Министрлер кабинетінде ең үлкені - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен ІІМ басшысы Марат Ахметжанов. Олар 57 жаста. Өңір басшылары арасында жоғары буын шенеуніктерінің ең үлкені - ШҚО әкімі Даниал Ахметов, ол 67 жаста.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы ел халқының орташа жасы 2022 жылы 31,8 жас болғанын хабарлады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді