Ведомствоның мәлметінше, экспорттауға уақытша тыйым пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалып отыр.
"Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкелді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр", - дейді АШМ өкілдері.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тоннаны құраған. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынады екен. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың расталған қоры 152,4 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14 пайызы ғана.