Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда қанша пайызға өсті

Елімізде қарашада айлық инфляция деңгейі қазан айымен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Десе де, өткен айда азық-түлік тауарлары тағы 1,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6 пайызға, ал ақылы қызметтер 0,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қарашада Қазақстанда азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4% жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттаған. Ал сәбіз бағасы керісінше 2,9%, құмшекер 1,9%-ға арзандаған. Сол сияқты 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6%-ға өскен.

Сонымен бірге өткен айда дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттағаны белгілі болып отыр. Бұдан бөлек жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдарының бағасы 1,6%-ға өскен. Ақылы қызметтердің бағасы да өткен айда 0,8%-ға өскен. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтерінде 2,7%, монша қызметтерінде – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтерінде – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерде – 1,7%, қонақ үй қызметтерінде 1%-ды құрады. Осылайша инфляция көлемі 2022 жылдың қарашасында жылдық есептеуде 19,6% құраған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады