Биылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша, ҚР бұрыш импорты 3 есе, 26,9 мың тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Сондай-ақ көкөністер арасында бақша дақылдарының импорты (85,2%, 50 мың тоннаға дейін), қияр мен сірке суымен уытталған ұсақ қияр (69,7% 7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ (64,4%, 3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат (61,5%, 103 мың тоннаға дейін дейін), қызанақ (40,9%, 51 мың тоннаға дейін) өсті. Сонымен қатар, ас қызылшасы (5,3%, 9,1 мың тоннаға дейін) және баялды (2,3%, 2,2 мың тоннаға дейін) импорты аздап өсті.
Ал картоп (19,9%, 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%, 194,5 мың тоннаға дейін), ас сәбізі (5,5%, 32,5 мың тоннаға дейін) импорты азайды.
Қазақстаннан экспортқа келер болсақ, асхана қызылшасы (3,4 есе, 892,9 тоннаға дейін), бұрыш (3,2 есе, 565,3 тоннаға дейін), асхана сәбізі (29,6%, 2,3 мың тоннаға дейін), қияр (24,6%, 3 мың тоннаға дейін), сарымсақ (24,4%, 403,2 тоннаға дейін) өсті.
Картоп, баялды, қызанақ, асқабақ, пияз, қырыққабат экспорты қысқарды.
Биыл көкөністің негізгі түрлері бойынша ҚР-ға импорт республикадан кететін экспорттан бірнеше есе жоғары екенін атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш — 47,6 есе, қырыққабат — 18,3 есе, ас сәбізі — 13,9 есе, ас қызылшасы — 10,2 есе, сарымсақ — 8,7 есе, пияз — 6,3 есе, бақша дақылдары — 5,1 есе, картоп — 5 есе, қызанақ — 4,9 есе, қияр — 2,6 есе өсті.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда жаңа піскен көкөністер бір жылда 10% қымбаттаған. Оның ішінде қияр — 29,6%, қызанақ — 21,8%, пияз — 13,9%, картоп — 13,2%, қызылша — 0,1% қымбаттады. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандады. Өңірлер бойынша бағаның ең күшті өсуі Алматы облысында байқалды: бір жылда 27,8%. Одан кейін Жетісу және Атырау облыстары: тиісінше 24,4% және 17% қымбаттады. Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%) және Ұлытау (2,3%) облыстарында байқалды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне тұрақтандыру қорларын, атап айтқанда көкөніс қоймаларын белсендірек толтыруды тапсырды, өйткені қазіргі кезең көкөністерді барынша арзан сатып алып, кейін маусымаралық кезеңде бағаны өсірмеу үшін интервенция жасауға үшін қолайлы уақыт.
Ол сондай-ақ қазіргі уақытта жаңа піскен көкөніс өнімдерінің кең ассортиментіне төмен бағалар қалыптасқанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.