Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда мейрамханада төбелес шықты

Атырауда мейрамханада төбелесіп, полицияға жеткізілген 10 адамның арасында жасөспірім мен әйел бар. Құқық бұзушылардан суық қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 қаңтар сағат 05:10 шамасында болған. 

Атырау қаласындағы Темірханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде бір топ адамның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қоғамдық орында адам өліміне соқтыру мүмкін ауыр қылмыстың алдын алды.

Полиция қызметкерлері жанжалға байланысты 10 адамды ұстады. Оның ішінде кәмелет жасына толмаған 1 жасөспірім мен 1 әйел, 8 ер адам бар.

«Қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге адамдардың тыныштығына нұқсан келтірген құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушылардан суық қару тәркіленді. Іс құжаттары жинақталып, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түнгі клубтың алдында төбелескен қыздардың ісі сотқа жолданғанын хабарлаған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты