Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы «Балауса» шағын ауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігіне жол бермеген. 


Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалған. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.


Патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Нәсиполланың айтуынша, жыл басынан бері тек Атырау қаласының аумағында 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 95 адам әртүрлі дене жарақатын алса, 7 адам қаза тапқан. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында көлік аударылып, екі адам мерт болғанын жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді