Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында жасөспірім полицияға жалған хабар берген

Атырау облысында полицияға қамыс арасында адасып кеткенін айтқан 16 жасар жасөспірімнің хабарламасы жалған болып шықты. Баласының теріс әрекеті үшін анасына 84 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметінше, жасөспірім мобильді байланыс телефонымен жалған хабар берген. Кеше, 29 тамызда полицияның 102 байланыс нөміріне ер адамнан "Қамыстың арасында адасып кеттім. Көмек қажет" деген хабар түскен. Кейін оның мобильді телефон нөмірі өшірулі болған. "Осы дерекке байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері Дамбы ауылдық округі аумағындағы Пешной жарты аралында өскен қамыс арасында жедел іздестіру жұмысын жүргізді. 

Кейін бұл хабардың жалған екені анықталды. Сол себепті адасқан адамды іздеу тоқтатылды. Жалған хабарды Атырау қаласында тұратын 2006 жылғы жасөспірім берген", -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі басылымға. 

Аталған дерекке байланысты құзырлы полиция мен төтеншеліктерді алдаған жасөспірім анықталып, ата-анасымен бірге Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Басылым мәліметінше, жалған хабар берген жасөспірімнің 1981 жылғы анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылған. Оған сәйкес, саласының теріс әрекеті үшін анасына 84 мың теңге айыппұл салынған. Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының құтқарушылары Каспий теңізі маңындағы қамыс қопасында адасып кеткен ер адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлағанбыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды