Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда жанкүйерлер арасында қақтығыс болды

19 маусымда Атырауда ел біріншілігінің ХІV туры аясында "Атырау" мен "Ақтөбе" футбол командалары кездесті. Алайда ойын басталғанға дейін стадионға жиналған футбол жанкүйерлері арасында қақтығыс туындаған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыстың болғанын растап отыр.

"19 маусым күні сағат 17:55 шамасында "Атырау-Ақтөбе" футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - дейді полиция департаментінен.

Сонымен қатар құзырлы орган қақтығыс кезінде қару қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын, осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинақтап жатқанын атап өтті. "Жалған ақпаратқа сенбеу, ресми органның мәліметіне жүгіну қажеттігін қаперге саламыз. Қақтығыс кезінде жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысы бар зат болған", - дейді ведомстводан. Жанкүйерлер арасындағы жанжал кезінде ешкім жарақат алмаған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты