Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету бағасы өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.
2022 жылғы қазанда Қазақстанда айлық инфляция мөлшері 1,6%-ды, жылдық инфляция 18,8%-ды құрады 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында қымбаттаған тауарлар: - Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,7%-ға,ақылы қызметтер – 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары – 1,4%-ға. - Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп көтерілді – 5%-ға, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады. - Тас көмір бағасы 2,1%-ға, отын 1,7%-ға өсті. Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 1,7%-ға көтерілді.
Оның ішінде қонақ үй қызметтері 6%-ға, кешенді демалыс ұйым қызметтері 4%-ға, демалыс және спорт саласындағы іс-шаралар қызметі 3,3%-ға, монша қызметі 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарының қызметтері 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі 2,2%-ға қымбаттады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қазанда 1,4%-ға өсті. Оның ішінде қызанақ – 21%, қияр – 14,7%, жұмыртқа – 6,3% қымбаттады. Керісінше, сәбіз бағасы 5,6%-ға, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, құмшекер 2,3%-ға арзандады.
2-11-2022, 09:18
Елімізде азық-түлік пен қызмет көрсету бағасы тағы өсті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз