Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Молдова және Украинамен бірге ТМД-да азық-түлік бағасының ең көп өскен анти-көшбасшы елдердің үштігіне енді

ҚР-да азық-түлік тауарлары бір айда 1%, бір жылда 21% қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


ТМД елдері арасында, Trading Economics мәліметінше, биылғы тамыз айында азық-түлік былтырғымен салыстырғанда ең көп Молдовада қымбаттады: 38,4%. Одан кейін Украинада* 30,7%, артынша Қазақстанда 21% қымбаттады. Әзірбайжанда, Беларусьте және Қырғызстанда былтырдан бері 18,9% қымбаттаса, Ресейде 15,8%, Арменияда 12,5% өсті.


Анықтама үшін: Тәжікстанда азық-түлік бағасы шілде айында былтырмен салыстырғанда 9,7% қымбаттағаны белгілі, ал Өзбекстанда тек 2021 жылғы желтоқсандағы мәлімет бар. Бір жылда 14,3% қымбаттаған. Түркіменстанға қатысты деректер жоқ.

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда 1%, бір жылда бірден 20,8% өсті.


Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада Маңғыстау облысында 2,1%, Жетісу облысында 1,9%, Абай облысында 1,5% қымбаттаса, ең аз өсім елордада байқалды: 0,4%. Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарларының бағасы ең көп Маңғыстау (25,8%), Ақтөбе (23,5%) және Ақмола (22,7%) облыстарында байқалды.


Өсімдік өнімдерінің ішінде жемістер мен көкөністер бір жылда 14,8% қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің өзіндік құны бір жылда 11,9%, көкөністер бағасы 11,8% өсті. Банан бірден бір жылда 20,9%, килосы 696 теңгеге дейін, апельсин 17,7%, 836 теңгеге дейін, лимон 15,3%, 1,2 мың теңгеге дейін, алма 7,9%, 556 теңгеге дейін қымбаттады. Көкөністердің ішінде пияз 46,9%, 188 теңгеге дейін, қияр 25,3%, 374 теңгеге дейін, қызанақ 13,6%, 428 теңгеге дейін, картоп 12%, 175 теңгеге дейін қымбаттады. Қырыққабат 4,9%, сәбіз 11,6% және қызылша 12,4% арзандады.


Жылдық динамика бойынша сүт өнімдерінің бағасы 24,6% өсті. Оның ішінде ішетін сүт — 24,6%, сүт консервілері — 28,9%, ашытылған сүт өнімдері — 26,4% қымбаттады.


Майлылығы 2,5% пастерленген сүт литрі орта есеппен 313 теңгеден, майлылығы 3,2%–4% сүттің литрі 394 теңгеден, қаймақ 1 кило 1,6 мың теңгеден, айран 344 теңгеден сатылды. Сүзбе 1,8 мың теңге, қатты ірімшік 4,3 мың теңге.


Ет және ет өнімдері жылдық динамика бойынша 14,5% қымбаттады. Сиыр еті бір килосы орта есеппен 2,3 мың теңге, қой еті 2,6 мың теңге, шошқа еті 2 мың теңге, жылқы еті 2,9 мың теңге, тауық еті 1,3 мың теңгеден сатылды.

Қайнатылған шұжық бір жылда 19%, 2,5 мың теңгеге дейін, жартылай ысталған шұжық 17,9%, 3 мың теңгеге дейін қымбаттады. Он жұмыртқа бағасы 7,9%, 383 теңгеге дейін қымбаттады.


Тамыз айының қорытындысы бойынша бір жылда нан 18,4%, ұн 41,4%, макарон өнімдері 35,7%, жарма 32,7% қымбаттады.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының килосы 335 теңгеден, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның килосы 192 теңгеден, қара бидай-бидай нанының килосы 403 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұнының килосы 357 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұны 229 теңге болды.


Рожкидің бір килосы 521 теңге, вермишельдің килосы 520 теңге, кеспенің килосы 1 мың теңгеге жетті.

Дәнді дақылдардың ішінде бір жылда арпа 38,3%, килосына 344 теңгеге дейін, қарақұмық 36,1%, килосына 686 теңгеге дейін, жарма 31,4%, килосына 419 теңгеге дейін, сұлы жармасы 30,7% килосына 566 теңгеге дейін, күріш 22,4%, килосына 446 теңгеге дейін, тары 20,8%, килосына 447 теңгеге дейін қымбаттады.


ҚР премьер-министрінің орынбасары, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелеріне арналған селекторлық кеңес өткізді.


20 қыркүйектен бастап әкімдіктер «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесе отырып, өңірлерде сауда саясаты бойынша қолданыстағы заңнама бойынша сауда-саттық, ірі супермаркеттердің иелері және ӘМАТ-ты сатушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді