Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ұстаздар күніне орай мерекелік кеш өтті

Шымкентте ұстаздар күніне орай мерекелік кеш өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қалалық “Опера және балет” театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан шаһар басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

"Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолына қажетті баға жетпес байлық - білім бересіздер. Сонымен бірге, қаламыздың абыройын асқақтатып отырсыздар. Сіздердің арқаларыңызда Шымкент қаласының оқушылары халықаралық және республикалық пәндік білім сайыстарынан 10 алтын, 17 күміс, 33 қола жүлдені жеңіп алды. 200-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз", - деді қала әкімі М.Әйтенов.

Білім беру саласы - қаладағы негізгі жүйе құраушы сала. 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Бұл - әрбір үшінші шымкенттіктің осы жүйеге қатысы бар деген сөз.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолда өрлеу мен өсу тілеген қала әкімі М.Әйтенов салтанатты жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызын, “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен №28 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманбекова Қарлығаш Жаркынбекқызын марапаттады.

Бірнеше ұстазға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Құрмет Грамотасы” мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар әрбір ұстазға шаһар басшысының ықылас гүлі тарту етілді. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті