Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алаяқтар интернетте петропавлдықтың 3 млн теңгесін алдап алды

СҚО полицейлері азаматтарды ғаламторда “тез табыс табумен” байланысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде инвестиция арқылы оңай табыс табуға қатысты ақпаратты көріп, ұсынылған сілтеме бойынша сайтта тіркелген. Көп кешікпей брокерлік сайттың өкілдеріміз деген тұлғалар WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығады.

Алаяқтардың нұсқаулары бойынша ер адам 65 мың теңгесін олар айтқан есепшотқа аударады. Біраздан соң сайттағы жеке кабинетіне табысының еселенгені жөнінде ақпарат келеді. Жеңіл ақшаға қызыққан тұрғын екі банктен миллион теңгеден несие, танысынан 850 мың теңге қарыз алып, барлық қаржысын “инвестицияға салады”. Осыдан кейін “менеджерлер” байланысқа шықпай қояды. Ер адам сайттағы шоттан қаражатын қайтара алмай отыр. 3 млн теңгеге жуық ақшаға алаяқтарға алданған азамат полицияға жүгінді.

– Облыста жыл басынан “ақшасын көбейтуге” қатысты интернет-алаяқтықтың 17 фактісі тіркелді. Кейде күмәнді инвестициялардан мол табыс табуға жәбірленушілердің таныстары тартады, кей жағдайларда алаяқтар қашықтықтан арбайды: брокерлік сайттардың мекенжайларына ұқсас көшірме сайттар құрып, адамдарды әлеуметтік желі арқылы тартады. Қулықтың мұндай түрі барлық елдерде кездеседі. Алданғандардың аударған ақшалары киберқылмыскерлердің қалталарына түседі. Интернетте сақ болуға, оңай олжаға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз, – деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты