Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жақып Марабаев "ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары қызметінен кетті

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсіпқалиұлына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметердің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды.

– Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және «ҚазМұнайГаз»-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Жақып Марабаев.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ бас директоры, «ҚазақОйл» ҰК ЖАҚ вице-президенті, «ҚазТрансОйл» АҚ вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты