Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

А. Тәшенова: Мамай мен Иманбаева заңды құрметтейтін болады

Алматы облысының экс-әкімі Бауыржан Байбектің адвокаты Айжан Ташенова қорғалушысының ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі Жоғарғы Соттың кассациялық сатысының істі қайта қарау туралы қаулысына қатысты пікірін білдірді. Facebook әлеуметтік желісінде адвокат Б.Байбекке өндірілген 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарының бірден аутизмі бар балаларға көмек ретінде жіберілгенін айтып өтті. Жариялым соңында заң барлығына бірдей және жазадан құтылу мүмкін емес екендігін жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Бүгін Сот кабинетінде И.Иманбаеваның өтініші бойынша Б. Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі Жоғарғы Соттың кассациялық сатысының істі қайта қарау туралы қаулысын көрдім. Осыған орай белгілі бір қорытынды жасауға бел будым.

Біріншіден, менің сенім білдірушім Б.Байбек өзінің жеке қағидаттарын ұстана отырып, бастапқыда әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу шеңберінде талаптардан бас тарта отырып, азаматтық тәртіппен талап арыз берді, бірақ бұған барлық негіздер болған еді.

Сонымен қатар, ол негізгі мақсатты басшылыққа ала отырып, келтірілген моральдық залал үшін материалдық өтемақыдан бас тартты, негізгі мақсат – Мамай мен Иманбаева таратқан ақпараттың ақиқатын, өтірігін анықтау, сондай-ақ өзінің жақсы атын қалпына келтіру еді.

Екіншіден, Мамай мен Иманбаева ашық және жарыспалы сот процесінде барлық инстанцияларда жеңіліп, өзінің жала жапқан айыптарының ешқайсысын дәлелдей алмады.

Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы, күтілгендей, Иманбаеваға құқықтық негіздердің толық болмауына байланысты істі қайта қараудан бас тартты (қаулыны қоса беремін). Жауапкерлердің өтініштері бірдей болғандықтан, Мамайға қатысты шешім ұқсас болады деп ойлаймын.Бұл жағдайға ең қолайлы сөз «Финито ла комедия!».

Айтпақшы, мен жауапкерлерге өзінің де, біздің де уақытымызды босқа өткізбеші үшін  Мамай мен Иманбаеваның қорғаушысы Е.Қалиевке кассацияға беруге кеңес бердім.

Үшіншіден, Мамай мен Иманбаева төлеген барлық қаражат осы іс аясында жақсы мақсаттарға бағытталды.

Атап айтқанда, Б.Байбекке өндірілген 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын аутизмі бар балаларға бірден көмек ретінде жіберілді. Бұл ретте менің сенім білдіруішімнің негізгі талапбы қатысты сот жалған деп таныған мәлімдемелерді жоққа шығару және жоюды Мамай мен Иманбаев әлі орындамай отыр. Есесіне сол үшін оларға сот орындаушысының өтініші бойынша әрқайсысы 140 мың және 14,5 мың теңгеге сот екі рет айыппұл салынды. Барлық қаражат жауапкерлер тұрып жатқан Алматы қаласының бюджетіне түсетініне ерекше назар аударамын.

Эпотаждық мәлімдемелерге қарамастан, жауапкрелер барлық соманы өз бетінше, мәжбүрлеусіз және уақытында төлегенін атап өтемін!

Төртіншіден, менің сенім білдірушім тарапынан Мамай мен Иманбаеваға ешқандай қудалауы болған жоқ.

Барлық қозғалған әкімшілік істер бұл жаңа өндіріс емес. Біз тіпті оларға қатыспадық та. Сот орындаушысы оларға заңнама шеңберінде өз бетінше бастамашылық жасады. Мен қоғамға кәсіби заңгер ретінде хабарлағанымдай, бұл істер соттың заңды шешімінің орындалуын қамтамасыз ету аясында жүріп жатыр. Және мұнда жауапкерлер өзінен басқа ешкімді кінәлай алмайды.  Себебі мұнда себеп қарапайым – Мамай мен Иманбаева соттардың шешімдерін өз еріктерімен орындамайды, олар бұл туралы барлық уақытта көпшілік алдында мойындағылары келмейді.

Мен белгілеген айыппұлдардан басқа, сот орындаушысының өтініші бойынша сот шешімімен Мамай да жүргізуші куәлігін пайдалану құқығынан уақытша айырылғанын атап өтемін.

Және, бесіншіден, мен де, менің сенім білдірушім де Мамай мен Иманбаева көрсетуге тырысып жатқандай, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүдделі емеспіз.

Алайда, егер сот шешімі толығымен орындалмаса, сот орындаушысы қылмыстық іс жүргізу аясында құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс.

Бірақ бұл жағдайда да, біз Мамай мен Иманбаеваны қоғамдық жұмыстарға тартуды сұраймыз. Заңға сәйкес, олар әрқайсысы үшін 800 сағатқа жетуі мүмкін. Кем дегенде, бұл адамдар қоғам мен қалаға кем дегенде қандай да бір пайда әкеледі.

Айта кету керек, кеш болса да, бірақ менің жауапкерлерге жағдайды саясиландырып, көз жасын «көл қылмауға» шақыруым ішінара естілген сияқты. Мамай мен Иманбаева қазір істің жаңалығы туралы мәлімдеуге, қоғамды негізсіз адастыруға тырыспайды және мүмкін болса, бұл істің нәтижелерін айтпайды. Шамасы, мұндай мәлімдемелердің сауатсыздығы және теріс нәтиженің дәлелі олар үшін де, олардың «заңгерлері» үшін де түсінікті болды.

Менің ойымша, Мамай мен Иманбаева олардың ойыны бұзылғанын түсінеді. Олар өздерін тұзаққа түсірді: менің сенімгерім туралы жала, жалған материалдарды алып тастау олардың «әуселесін» көрсетеді, олардың басқа шабуылдары, басқа адамдарға тағылған айыптар шындыққа ешқандай қатысы жоқ ауру қиялдардан басқа ештеңе емес.

Осы істің қорытындысы бойынша Мамай мен Иманбаева ақылдасып, өзінің деструктивті қызметін тоқтатып, заң үстемдігінің өздері декларациялаған демократиялық қағидаттарын тікелей басшылыққа ала отырып, оны құрметтейді деп үміттенемін.

Заң барлығына бірдей және жазадан құтылу мүмкін емес,» - деп А.Ташенова өзінің Facebook-парақшасында жазба қалдырған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді