Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сот шешімін орындамау жаңа санкцияларға әкеледі - А.Тәшенова

Заңгер А. Тәшенова өзінің Facebook парақшасында хабарлағандай, бүгін Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық соты Ж. Мамай мен И. Иманбаеваның сот шешімін орындауын кейінге қалдыру туралы арыздарын қараудан бас тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

- Бүгін Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық соты Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның Б.Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызы бойынша сот шешімін орындауын кейінге қалдыру туралы арыздарын қараудан бас тартты.

Бұған дейін олар барлық сот шығындарын төлеген, бірақ негізгі талаптың орындалуын, яғни маған сенім білдірушіге қатысты жала жапқан бейнелер мен посттарды жою, сондай-ақ көпшілік алдында оларды теріске шығаруды жариялауды барынша кешіктіруге тырысып келеді.

Жауапкерлер заң талаптарын мүлдем елемей, кейінге қалдыруға негіз ретінде Жоғарғы сотқа өтініш беру фактісін келтіреді. Бірақ бұл құқықтық негіз бола алмайды. Айтпақшы, мен бұған дейін де бірнеше рет жазғанымдай, Жоғарғы Сотқа берген өтініштерінің мазмұны олардың ұстанымын растайтын жаңа фактіні қамтымайды. Заңгер және бұрынғы судья ретінде кассация да бұл өтініштерді қабылдамайтынына сенімдімін.

Жалпы, ештеңе өзгермеді. Мамай мен Иманбаева, сондай-ақ олардың қорғаушылары өздерінің өтініштері бойынша басталған бүгінгі отырыстарға жауапсыз қарады.

Соттың бірінші отырысына шағым жасаған Мамай мен оның адвокаты Қалиев өздері қатыспай, бүгін Нұрпейісовті жіберді. Ол болса өзінің сенім білдірушісінің позициясын білмейтіндіктен, сотқа қатыса алмайтынын мәлімдеді. Сот процесі кезінде телефон арқылы Мамаймен сөйлескеннен кейін өзі мүлдем қатысудан бас тартты. Екінші отырысқа Иманбаеваның өтініші бойынша Қалиев қатысса да, әдеттегідей дайындықсыз келді.

Екі процесс тағы да заңды ұстанымның жоқтығын және жауапкерлердің сот шешімінің орындалуын кешіктіруге тырысып жатқанын көрсетті. Жауапкершіліктен қашу және өзін «құрбан» ретінде көрсету әрекеттері сәтсіздікке ұшырайтынын және осы ымырасыз «тактиканы» ұстану заңға сәйкес жаңа санкцияларға әкеледі атап өткім келеді.

Еске сала кетейін, сот шешімін орындамағаны үшін Мамай мен Иманбаева Алматы бюджетіне 280 032 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, сондай-ақ Мамайдың жүргізуші куәлігі тоқтатылды (заңды күшіне енген жоқ).

Б.Байбектің өкілі ретінде мен еліміздің заңнамасына сәйкес борышкерлердің сот шешімін толық орындауына қол жеткіземін, - деді А. Тәшенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді