Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сапарбаев өзіне жала жапқандарға: «Жазған адам дәлелдесін»

Журналист Нартай Аралбайұлы қазіргі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан сұхбат алыпты. 

Әңгіме барысында әкім мемлекеттік қызмет, үкіметтің қазіргі жұмысы, қазақ тілінің жағдайы, кадр, жастар, кедейшілік, демократия, қуаңшылық, қымбатшылық мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ ол соңғы кезде әлеуметтік желіде бір-бірін жамандау, даттау көбейгеніне назар аударды. Әрине дәлелді пікір айтылуы қажет дейді Сапарбаев.

Журналист әлеуметтік желіде Сапарбаевтың Ақтөбе облысында әкім болып тұрғанында әкімдікке 1,7 миллион теңгеге орындық, 500 мың теңгеге ыдыс алдырғаны туралы сұрады. Ал осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған, қазір Жамбыл облысын басқарып отырған Сапарбаев соншалықты орынсыз шығын жасайтындай ақымақ емес екендігін алға тартты.

«Ондай ақымақ емеспіз ғой. Оны жазған адам дәлелдесін, кім алды, кім тапсырыс берді, ақша қайдан келіпті? Олай болуы мүмкін емес. «Тисе – тұяққа, тимесе - бұтаққа» деп айта беруге болмайды», - деп атап өтті Сапарбаев Аралбайұлының YouTube-каналында берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, біршама уақыт бұрын Демпартия белсендісі Жанболат Мамай YouTube арнасында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қатысты түрлі ашық айыптаулармен видео материал жариялаған болатын.

Ал бұдан бұрын қоғам белсендісі Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Байбектің ар-намысына, іскери беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялаған.

Осыған қатысты сот болып, жауапкерлердің Бауыржан Байбек туралы таратқан ақпаратын шындыққа сай емес және ол ар-намыс, іскери беделге нұқсан келтірді деп танылды. Мамай мен Иманбаева интернетте жарияланған мәліметті терістеп, өшіруге міндеттелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты