Ср, 16 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Antikor Мамай мәлімдемелерінің дәлелсіз екендігін растады

Бұл туралы Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова өзінің Facebook парақшасында бөлісті. Оған қоса Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның мүддесін қорғаушы Е.Қалиев осы мәселемен қоғамды адастыруға тырысыпты.

«Бүгін Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның мүддесін қорғаушы Е.Қалиев әлеуметтік желіде өзінің прокуратураға берген арызына қатысты аталған мекеменің Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолдаған ілеспе хатын жариялады. Яғни прокуратура заңға сәйкес арызды жай ғана тақырыбы бойынша жауапты органға ары қарай жолдаған. Қалиев болса, осынау әдеттегі іс жүргізу рәсімін ерекше дабыралатып, қоғамды адастыруға тырысып бақты. Осы арқылы ол өзінің мүлдем кәсіби сауатсыз әрі тиянақсыз жан екенін тағы да көрсетті», – деп бастады Тәшенова.

Өз кезегінде Алматының «Antikor» қызметі Е.Қалиевтің арызына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны қараудан бас тартыпты. Тәшенова мүдделі тарап ретінде ведомствоға жүгініп, осы жауаптың көшірмесін алған екен. Онымен заңгердің әлеуметтік желідегі парақшасынан таныса аласыздар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамай мен Иманбаева таратқан мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган үшін міндетті екенін атап өтті. 

Бұдан бөлек, Е.Қалиевтің арызында көрсетілген жағдайлар қандай да бір сенімді құжаттармен расталмаған және әртүрлі әлеуметтік желілерде баяндалған долбарларға ғана негізделген. Сондай-ақ, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қолданыстағы заңнаманың бұзылуы, тексеру, аудит актілерімен және басқа да материалдармен расталған зиян шегу туралы мәліметтері жоқ арыздар тіркеуге жатпайды», – деп түсіндіріп өтті заңгер.

Тәшенованың ойынша «Antikor» қызметі Мамай мен Иманбаеваның барлық жалған мәлімдемелері мүлдем негізсіз екенін тағы да ресми түрде растап берді. Өйткені аталған мәлімдемелер – бар болғаны түрлі анонимдік дереккөздерден алынған қауесеттер мен бос болжамдардың жиынтығы ғана.

«Осылайша, Б.Байбектің Мамай мен Иманбаеваға қатысты талап-арызы бойынша сот шешімінің абсолютті түрде заңды екендігін Алматы қаласының екі соты мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады. 

Енді Е.Қалиев заңгер ретінде кәсіби біліктілік танытып, жауапкерлердің сот шешімін тез арада толық көлемде орындауына, атап айтқанда, барлық жалған ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдемелерді өшіруіне ықпал етеді деп үміттенемін», – деді Тәшенова.

Сөз соңында Байбектің заңгері заңда көзделген барлық әдістер арқылы сот шешімінің толық орындалуына қол жеткізуге міндеттенетінін жасырмады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты